Өлеңдер ✍️
Махаббат жыры
Ен салмайды жүрегіне ол кімнің,
Өзі де тұл махаббатсыз өмірдің.
Оты қозса сыңар қалған кемпір-шал,
Отауына сыймайды екен он ұлдың.
Махаббатсыз қызықта дəм болмайды,
Бас құралмай бақыт-байлық қонбайды.
Отқа салсаң ерімейді қайтадан,
Махаббаттан байланатын тоң қайғы.
Халық жаттап, қаншалап көп жыл өтті,
Төлеген мен аяулы қыз Жібекті.
Неге сақтап жүреді адам кеудеде,
Махаббатқа күйінбеген жүректі.
Біттей ақ жер шықса кеудем тап сенен,
Ғашықтар кеп паналайтын бақша егем.
Махаббатты былай қойып түкте емес,
Дəнекерлеп үйленгендер ақшамен.
Мейірімсіз кейде тағдыр бораны,
Махаббаттың гүлін көктей орады.
Көп болсада қайнаған жан сезімдер,
Махаббаттың орны бөлек болады.
Махаббаттан өтер күш жоқ ары асып,
Екі жүрек біреу болған жарасып.
Махаббаттың көзі кейде ноғала,
Кететін де кездері көп адасып.
Сол адасқан махабаттың түбі мұң,
Жүрегі бір таппай өтер тынымын.
Пəк махаббат тарқамайтын базарың,
Өмірдегі сарқылмайтын тұнығың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter