Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  119


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Бір шаршы кәде

(Сейтқан Қалиұлына)
Көтерген ауыр көрмей артылғанды,
Танимыз көп ішінен нар тұлғаңды.
Айтады майлы–жайыр ақ бас алтай,
Əндетіп азаматтық нарқыңды əлі.
Ақын боп алау ұстап атқа міндің,
Ну орман ойларды айтып ақтарылдың.
Дегендей талапты ерге нұр жауады,
Қарамай қонды өзіңе бақта қырын.
Төгілдір дастаныңның жалғастарын,
Бойыңнан көрінеді талмас дарын.
Өзіңдік жаратылыс сарыныңмен,
Бет алдың, жан-жағыңа жармаспадың.
Осындай түскен ақын ел көзіне,
Тойланды алпыс жасың дер кезінде.
Туу ерен қабырғадан ақ орамал,
Жырымды ап бұлғап тұрмын менде өзіңе.
Жер бердім жүрегімнің көлемінен,
Ей Секе, сені жақын көрермін мен.
Тойыңа жете алмадым соған бола,
Шығарып қойма мені керегіңнен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу