Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.05.2022
142
Теңізде
Шағала шулап төсінде,
ойнайды көктің жасылы.
Қосылды долы осы үнге
тулаған теңіз тасыры.
Ашулы толқын үстінде
алысты қайық желменен.
Балықшы, дүлей күш кімде –
ойланып тұрар жер ме кең?!
... Ілезде тынып айнала,
сылқылдай күлді көк теңіз.
Балықшы жігіт жай ғана
күледі: «Қорқып кетпеңіз,
көңілінде жоқ үлкен кек,
Шыңдайды жастың жігерін,
сынайын дейді бұл тентек
ақынның нəзік жүрегін...»
Балықшы шықса ертемен,
айдыннан асқақ күй ұғып,
осынау теңіз тентегің
жатады сонда бұйығып!.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter