Өлеңдер ✍️

  04.05.2022
  169


Автор: Фариза Оңғарсынова

Тағдыр

– Бол, таста!
– Сал құрықты!
– Қап, мынаны-ай!
Жігіттер тоқтар емес ат құламай.
Қарагер бір қатердің исін сезіп,
жымиып қос құлағы шапқылады-ай.
Келеді жан ұшырып құмды жарып,
сауырдан тер құйылды жылжып ағып.
Қос жігіт тақымдады, сосын кенет
сарт етті қаз мойынға қыл бұғалық.
Жануар – серігі жел, қыр – тұрағы,
жалғыз-ақ сайран күндер ынтығары.
Бұғаушыл жерден мүлде безінгендей,
аспанға атылды да, шұрқырады.
Болмады. Төрт тағандап түсті жерге,
бұлаң шақ бастан солай ұшты демде.
Жалт ойнап жанарында қарап тұрды
қыран көз, қайың білек күштілерге.
Қарады далада өскен батыл ұлға,
жатты алда асфальт жолда шақырымдар.
Жарысып жүйрік желмен кете барды
ойнақтап жас жігіттің тақымында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу