file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  04.05.2022
  211


Автор: Фариза Оңғарсынова

Би

Жүрегі алқынады,
ауған бұған жігіттің бар құмары.
Қайратты қол беліне тиген сайын
тұла бойы тұрғандай балқығалы.
Көрмеген бе дəл мұндай «сынға» түсіп,
əлде киім кеудесін тұр ма қысып,
басы айналды,
вальске дөңгелесе,
қалады тек кеуделер тіл қатысып.
Жүрек баяу соғатын қалыптағы
алып-ұшып жөнеді – бар ұққаны.
Айналада ақ мұнар, екеу ғана
теңіз-сезім төсінде қалықтады.
Қымсына ма əлде сəл қорғана ма,
сезім өткізгіштей ме қолдар ана...
Күйеуінің жанына отырғызды,
есін жиды келіншек сонда ғана.
* * *
Келе жатам
əрі мұңды, əрі асқақ – сезсең мені,
елемей еш пендені,
көлгісірген шуылдақ жұрттың бəрін
қойдай көріп жайылған тепсеңдегі.
Қалған сəтте кездейсоқ ұшырасып
бозарып түсі қашып,
қипалақтап қалады бейшаралар,
менің адалдығымның мысы басып.
Ай жерге құлағандай
аузын жимай қарайды бəрі маған
(дей ме əлде «жарым» адам?!).
өйткені олар ешқашан ғұмырында
шыншылдыққа, шындыққа жарымаған.
Сиректеу құбылысқа
көзі үйреніп көрмеген дарқан халық
үрпиісіп қарайды сəл таңданып.
...Тек өзіңнің алдыңда (сенің ғана!)
балаға ұқсап қаламын жаутаң қағып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу