file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  26.04.2022
  382


Автор: Рафаэль Ниязбек

АЗАМАТ ЕР ҚОРҒАУСЫЗ ҚАЛАДЫ НЕГЕ?


Неге алдыңнан жеңістің желі еспеді?
Себебі елің жұрт болып кеңеспеді.
Теңдік қуып соғысып, қан кешкенің –
Тентек қылық секілді елестеді.
Өзді-өзіне елдікті жиі ұқтырмай,
Жұрт оңған ба құлқыннан биік тұрмай.
Қай кезде елдің көгерді көсегесі,
Ақыл менен парасат билік құрмай.
Сені де елің, қайтейін, түсінбеді,
Беделіңді қай кезде түсірмеді.
Теңдік қуып атыңа сен қонғанда,
Қарау қоғам әлі де күшінде еді.
Жанарыңда жарқ етіп тулап айдын,
Күйін кештің жаралы құралайдың.
Тасқа шауып семсерді майырғандай,
Сені қайда салмады бұлағай күн.
Шамырқанған өзі едің өр намыстың,
Қырда алыстың жауыңмен, жолда алыстың.
Бірақ ата ерліктен опа таппай,
Күйін кештің жаралы жолбарыстың.
Жайшылықта күйініп, шер толғаған
Қалың қазақ кімдерге жем болмаған.
Неге елінде қорғаусыз қалады ылғи
Азамат ер өзіңдей ел қорғаған?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу