Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  119


Автор: Рафаэль Ниязбек

ӨМІРІМНІҢ КӨЗ ЖАСЫ

Бұлқындырған намыстан екпін алып,
Осы күнге жүрегім жетті налып.
 Өлең жазбақ болғанда қаламымнан
Жалғыз тамшы көк сия кетті тамып.
Жетегінде кеттім бе көне күннің,
Өрісінен табылмай өрелі үннің.
Ақ қағаздың үстіне тамып кеткен
Көк сия емес,
Көз жасы Өлеңімнің.
Іздерімді суырған құм бүркеді,
Үрейлерден көңілім күнде үркеді.
Өлеңімнің көз жасын өзім сүртем,
Өмірімнің көз жасын кім сүртеді?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу