Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  104


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТУРА ҚАРАП…

Тура қарап көзіне Кремльдің,
Есігінен еңкеймей кіре білдің.
Көріп келе жатырсың бір кісідей
Қызығы мен шыжығын бұл өмірдің.
Тура қарап көзіне дүниенің,
Шуағына айналдың күн-киенің.
Боздаған ел есіңе түсетұғын
Ботасы егер боздаса бір түйенің.
 Тура қарап көзіне Қараулықтың,
Талай мәрте ақ жалын алау жұттың.
Ұлыларын танымай у ішетін
Қателгі әлі де бар-ау жұрттың.
Арыстарды албырап туған алап,
Өсірген-ді құз кеуде шыңға балап.
Әр қашанда сөйледің, Мәртебелім,
Уақыттың көзіне тура қарап.
Иттер аз ба шығатын қырға абалап,
Бірақ Сізді мұқатсын кім табалап.
Болашаққа бастадың туған елді
Түтінін де арайлы нұрға балап.
Өттің талай қатерлі өткелдерден
Ажалдың да көзіне тура қарап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу