file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  258


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАРАСАЙ БАТЫРДЫҢ ТОЙЫНДА


Арғымағын алыс жолға баптаған
Батыр еді жау басынан аттаған.
Қарасайдың тойы өткелі жатқанда
Көк аспанда қара қарға қаптаған.
Көк аспанға жаман қарға толғасын –
Батыр рухы жебеп қалай қолдасын.
Зеңгір көгін тартып алса құзғындар
Қыран біткен жерге неге қонбасын?
Ел қорғаған Қарасайлар өлгенде,
Ел намысын жерге терең көмген бе?
Елбасы да қалған еді тіксініп,
Қаптап ұшқан қарғаларды көргенде.
Ару ана өзін ер ғып туғанда,
Жаман қарға неге ұшады бұл маңда.
Кенет, кенет аспан шайдай ашылған
Бабасының рухы ақырып қуғанда.
Елбасының қыдыр етіп жолдасын,
Туған елін сұм зауалдан қорғасын.
Қарғаларды қуған еді аспаннан
Бабасының аруағы риза болғасын.
 Күн туғанда өрт көңілін баса алмай,
Жауға шапқан күні бар ма жасанбай.
Батыр қалай тыныш жатсын көрінде
Көк аспаны қарғалардан тазармай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу