Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.04.2022
143
Дауыл
А. С. Пушкиннің ізімен
Құшады мұнар, ышқынып теңіз,
Толқыны жарға соғады ойнап.
Толқынға төніп құзда тұр бір қыз,
Аққудай бейне қанатын қомдап.
Жарқ-жұрқ етіп қанаты жалын
Найзағай тентек қорқытса қызды,
Ұшырып қыздың орамал-шәлін,
Ұйтқиды дауыл теңселтіп құзды...
Жыртылған бұлттан жылтылдар аспан
Мұнарда бозғылт тамаша теңіз.
Дауыл, көк, толқын – бәрінен асқан
Емес пе ғажап құздағы сол қыз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter