Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  394


Автор: Бағлан Ерғали

Ақылды адам

Аяқталар қай күні сапарым бұл? 


Кім қолдарын білмейсің, сатарын кім. 


Басқа келген сынақтар емес мәңгі, 


Арай төгер ақ таңның атарын біл!. 


 


Шат күлетін мағанда кезек келер, 


Сүйген құлын бір Алла желеп—жебер!. 


Қыр соңымнан айтса да не бір сөздер, 


Ырысымды кемітпес желөкпелер!!!. 


 


Шын ұнатар бұл өмір сабырлыны, 


Кім ұғынып бұл күнде жатыр мұны? 


Білмейді ғой арсыздар өсек айтқан, 


Еңіреп бір боздарын ақыр күні. 


 


Баспайынша арманға батыл қадам, 


Жетпессің деп жүрегім жатыр маған. 


Өсек емес, ұмтылып күні—түнде, 


Өз бақытын іздейді ақылды адам!. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу