Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  132


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Торғайлар тойы

Рауандап алтын таң атады
Мен жатқанда ұйқылы-ояу.
Торғайлар шулап тіл қатады
Көк теректен тереземе таяу.
Менен жақсы біледі-ау торғай
Боларын, сірә, күннің жылы.
Екі көз – маңдайға біткен сордай,
Сәріде мен – мүлгудің құлы.
Мұңдық торғайлар той тойлайды,
Жіңішке әнін құбылжыта.
Жіңішке бал жүрекке бойлайды,
Жатам мен сиқыр ызың жұта!
Ұяда көргем балапаныңды,
Көргенмін мен аузын ашқанын;
Төсегем мамық алақанымды,
Елжіреп жарасыз жас жаным.
Шашайын шашу сақталған жаннан,
Торғайлар мәңгі мерекеңе.
Напаха қораш, ақталған жаннан
Қосылсын, бейбақ, берекеңе!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу