file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  18.04.2022
  392


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАРА ДАГПЕН СЫРЛАСУ

Жұлдыздарға бір қарап көгіңдегі,
Қонағың боп сөйлесем төріңдегі.
Қара Даг-ау,
Айырмаң жоқ қой сенің
Қаратаудан
Қазақтың жеріндегі.
Орын алып осынау көк төрінен,
Қол үзбеген таусың сен көктеміңнен.
Қаратауда өсетін барша жеміс
Көрінеді жайқалып бөктеріңнен.
Самал есіп алдыңнан аңқылдаған,
Қара Даг-ау, әр кеште салқындаған.
Қаратаудың бүркіті емес пе, айтшы,
Аспан жарып, көгіңде саңқылдаған?!
Қайта көктеп орманың селдіреген,
Жастығыңды тауыпсың мөлдіреген.
Қазақ қызы жолдаған шәйі емес пе,
Құзыңдағы әне бір желбіреген.
 Саған көшіп жанымның тыныштығы,
Шуағың боп тарауда күн ыстығы.
...Қара Даг пен Қаратау неге ұқсайды,
Жоқ болса егер таулардың туыстығы?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу