Эсселер ✍️
Жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі
Біз Қaзақстан деп атaлатын тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Еліміз—табиғаты жағынан да, қaзба бaйлық, жер көлемі жағынан да бай. Қазіргі уақытта еліміздің негізгі мaқсaты әлемдегі отыз елдің қaтaрына қосылу. Ол үшін еліміздің азаматтары білімді, бәсекеге сай, өз ісіне aдaл, еңбекқор болу керек.Ал мемлекеттің мүлкін жымқырған, қара басының қамын ойлайтын, ақша құмар адамдар еліміздің экономикасын, әлеуметтік жағдайын, алға қарай рухани дамуын тежейді.Осындай адамдардың кесірінен елімізде бір дерт пайда болды. Бұл дерт–сыбайлас жемқорлық.
Жемқорлық қазіргі таңда көп талқыланатын тақырыптардың бірі. Жалпы жемқорлық дегеніміз не? Жемқорлық термині латын тілінен аударғанда сатып алу деген мағынаны білдіреді. Сыбайлас жемқорлық—мемлекеттік басқару құрылымдарындағы жоғарғы лауазымды қызметкерлердің көмегімен, өзінің жеке бастарының мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасалған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекет.
Аристотель бастысы мемлекетті басқаратын адамдардың саны емес, олардың басқару сапасы, яғни олардың өз билігін қалай және не үшін пайдаланатыны деп есептеді.Содан бері қаншама ғасырлар өтті, бірақ қоғамда әлеуметтік жауыздық, сыбайлас жемқорлықты, құрту адамзаттың қолынан келер емес. Жемқорлық –әлемді шарлаған дерт. Қазіргі уақытта әлем бойынша көптеген елдерде жемқорлыққа қарсы күрес қатаң түрде жүргізілуде.
ЕлбасыНұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев “Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ ” атты жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және онымен күресуді жалғастыру- аса маңызды міндет екенін атап өткен болатын. Бүгінгі біздің міндетіміз бен талабымыз- осы.Сол үшін біз жемқорлықпен күресіп, оның әрі қарай ушықпауына жол бермеуіміз керек.
Қазіргі таңда қоғамымыздың дұрыс дамуы үшін жемқорлыққа қарсы күресті мемлекет қатаң қадағалап отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы көптеген заңдар мен кодекстер қабылдануда. Менің ойымша егер біз осы заңдар мен кодекстерді қолданып, оны бұзбауды қадағаласақ, еліміздің экономикасын әрі қарай дамыта аламыз. Еліміздегі осы дертпен бірлесе күрессек, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың да саны азаяр еді.
Жемқорлық – қауіпті іс. Сол себепті, әркім жеке басының қамын ойламай, өз ісіне адал болуы керек. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, еліміздің адал ұрпағы біздің қолымызда! Жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter