Өлеңдер ✍️

  13.04.2022
  267


Автор: Бағлан Ерғали

Құлай сүйдім

Тұншығып демім жетпей алқынам, 


Көңілімде сағынышты шалқып ән. 


Жетем саған үміт үзбе, шырағым, 


Қандай сынақ күтсе дағы алдыдан. 


 


Тірегімсің сен менің, тілегім де, 


Қаласың менің мәңгі жүрегімде. 


Мен сияқты көз ілмей ұзақ түндер, 


Сағыныштан сарғайып жүдедің бе? 


 


Ренжігенің ұнайды, күлгенің де, 


Өзге жанды ілмеймін көзге мүлде. 


Балың тамып сөйлеген сәттеріңде, 


Өт ойнайды қарақат көздеріңде. 


 


Өмірімнің сәні де сен, хошы сен, 


Қылығыңды құлай сүйдім осы мен. 


Сезімімді өріп жаздым өлеңмен, 


Қабыл алсаң, тәмәмдайын осымен. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу