Эсселер ✍️

  09.04.2022
  103


Абай Құнанбаев — 175 жаста

Қайырханов Бейбарыс
Нұр-Сұлтан қаласы
8 «а» сыныбы
Абай Құнанбаев — 175 жаста


Мен ақынның өмір , шығармашылығымен таныса отырып, өз ойыма, санама талай сауал үйеледі. Сол кездегі қиын заманның өзінде Абай атамыз білім алып, жарыққа ұмтылып, сол игілігін халқына беруге талпынған. Біздің бүгінгі таңда бар мүмкіндіктеріміз жасалған. «Сол мүмкіндіктерді пайдаланып, неге биік мақсаттарға ұмтылмасқа?» – деген сауал еріксіз санаңа ұялайды. Абай атамыз ақылды жүрекке бағындыр деп бекерге айтпаған деп ойлаймын. «Адамзаттың барын сүй бауырым деп» — деген сөзінің өзі алған білімімізді ізгілікке бағыттау қажет екенін айтып тұр.
Мен де болашақта Абай атамыз сияқты ұлы болмасам да, қарапайым істеріммен болсын халқыма, еліме қызмет етсем деймін. Ол үшін көп еңбек етіп, қайратты болуым қажет. Қазақ халқы: «Ізденген жетер мұратқа»-деп бекер айтпаған ғой. Мен Абай атамыздың кеше, бүгін, ертең болатынына нық сенімдімін. Абай атамдай биік, бетке ұстап мақтан ететін жандар көп болсын. Елімнің мәртебесі биік болсын деп тілеймін. Елім, халқым ата-бабамыздан қалған асыл мұра, аманат. Қазақ халқы ешқашан аманатқа қиянат жасамаған халық. Мен өз замандастарымды жарқын болашаққа шақырамын. Ұлы атамыздың 175 жас мерейтойы қарсаңында өтетін іс-шараларға белсене қатысып, атамызға деген сый-құрметімді білдірсем деймін. Абай атамызды танымайтын кішкентай бөбектерге де ұлы атамызды танытқым келеді. Ұлылығын мақтан еткім келеді. Абай сияқты аталары бар мына біз, өскелең ұрпаққа артылған жауапкершілік үлкен. Сол миссиямызды адамгершілікпен орындап, болашаққа асыл мұрамызды құрметтей отыра қадам бассақ, жетер шыңымыз асқақ болмақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу