04.04.2022
  402


Автор: Абдрахман Асылбек

Жазғы демалыста

Жаз келеді жайып құшақ
Каникулға аттандық.
Қандай қызық бақытты шақ
Талай істер атқардық.
Болдық біздер қойлы ауылда,
Колхоз малын бағыстық.
Жасыл кілем жайлауында
Тайға мініп жарыстық.
Астығын да жинастық біз,
Жалықпадың, шынықтық.
Жылда осылай сыйластық біз,
Жылда осылай тынықтық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу