Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.04.2022
127
АҚЫНДЫҚТЫ ҚАЙТСЕМ ЕКЕН МЫНА САҒАН БІТПЕГЕН…
Ақындықты қайтсем екен мына саған бітпеген,
батылдықты қайтсем екен мына маған бітпеген.
Майлап алып жағар ма еді қайғы-мұңды сендегі,
байлап алып сабар ма еді қаймығуды мендегі.
Сұлулығың жесір ғой ол, ақылдыға бітпеген,
ұлылығың, кесір ғой ол,
адал жанға бітпеген,
Қыңырлықпен бөліп бәрін әділетсіз табиғат,
соған қарап таңдануды екеумізге жүктеген.
1969
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter