Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.04.2022
265
Дұрыс пен бұрыс
Қиылысы көшенің,
Жанды сәуле жасыл.
Дұрыс біліп есебін,
Жүріп кетті батыл.
Келе жатыр көшенің
Оң жағымен – Дұрыс.
Жолын кесті шешенің
Сол жағымен – Бұрыс.
Велосипед тебуді
Меңгерем деп оңай,
Бұрым жіпке керулі
Шырматылды жолай.
Светофор көзіне
Қарамасаң егер,
Қиын болар өзіңе –
Қауіп-қатер төнер.
Сары жанса жарқырап,
Мынаны біл дәйім:
Жасыл жанар артынан,
Болғын соған дайын.
Өте берсін бөбек те,
Жасыл сәуле жанса.
Кезікпейді бөгетке,
Осыны еске алса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter