Өлеңдер ✍️
ПАГАНИНИ - ҚАШЫҚТЫҚТАР
Қанша жылдар!
Кетті ол алыс, бірақ та
күйі бүгін... бүгін жетті құлаққа.
Алыс еді
Жетті бірақ үн бізге,
Сәулесіндей сөніп қалған жұлдыздың,
Бүгін ғана жақын келді үні оның.
Италия жастығы мен тілегі
әр нотада жарқырайды, күледі.
Теңіз жақтан келген самал лебі
біздің жасыл ауламызға түнеді.
Күйі – лайлы, естілсе де өр үндей,
тазалығы – Атыраудың көгіндей.
Тұлғасы Оның соншама ерсі еместей,
қолдары да соншама ұзын көрінбей.
Шайтан емес, жын емес Ол,
кәдімгі
Ол да аттады адымды,
адам екен –
естілмейд тек тақасының тықылы,
және үлкен жүрегінің лүпілі.
Паганини?.
Сахнаға қарашы –
Ондағыдан жақындау ғой, шамасы,
адамдар мен адамдардың арасы.
Ондағыдан биіктедік әлде біз?
Биіктіктер аласарды сәл деңіз? –
Мұның өзі сыйса жарар ұғымға,
біз олардан көп тыңдадық, аз айтып.
Өмір жасап келеміз ғой шынында
арадағы қашықтықтарды азайтып...
1967
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter