Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  119


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

МАЙ ШАМ СЫН-ДЫ КЕЙДЕ АДАМ ӨМІРІ…

Май шам сын-ды кейде адам өмірі,
адам да әлсіз жаралған ба әуелде?
Қараңғыны аңсар кейде көңілі,
өз жарығын бұлдау үшін әлемге.
Май шам-дағы жанғасын өз отымен
тағдыр отқа қыңыр қарар өшігіп.
Кетер кейде сол май шамды, атымен,
уақыттың желі соғып өшіріп.
О дариға! Өшу деген – бір ұғым,
өшпесең де тағылмайды аз айып.
Әрбір май шам сөнген сайын,
жарығым бара жатқан секілденер азайып...
1965




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу