Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  106


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ӘЛІ БІРАЗ ЖҰМЫС ЕТ, ӘЛІ БІРАЗ ҚАТЕЛЕС…

Әлі біраз жұмыс ет, әлі біраз қателес,
өз дұшпаның өзің бол,
өз ойыңмен жат, егес.
Алтын балық емес қой даңқ деген ау салар,
не ұстап ап өрістен жайдақ мінер ат емес.
Әйтеуір бір білерім: машақат тап, машық тап,—
бұдан әрі сұрама, желкемді көп қасытпа.
Кен болса ол — кен шығар алынатын мысқалдап,
Көл болса ол — көл шығар жиналатын қасықтап.
Әлі біраз жұмыс ет,
көсіле біл, күйе біл,
тапсырамын өзіңе мына сені ие ғып.
Даңққа сен асықпа,
төбе ғой ол, қарттықта
қайғырып бір шығатын таяғыңа сүйеніп.
1969




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу