Өлеңдер ✍️

  30.03.2022
  134


Автор: Абдрахман Асылбек

Кашпировскийден кейін

Теледидардан көріп,
Кашпировскийге сеніп,
Жетпістегі Қасым
Әппақ қудай шашын
Қараяды деп бекініп еді,
Үш мәрте отырып еді.
Алдына алып шарайнаны,
Қарағанмен қараймады.
Төртінші рет абайлады,
Шашы тағы қараймады.
Содан кейін айлаға көшті,
Айласы пайдаға көшті.
Барды да жақын қалаға,
Боятып шашын қараға,
Сөздерімен жаттанды
Достарына мақтанды:
«Кашпировский құдірет,
Көргеннен кейін бір рет,
Қарайтты түгел шашымды,
Демікпем де басылды...».
* * *
Қасым сөйтіп бөсіп жүр.
Басқа шалдар таңданып:
«Рақымы Алланың
Қасымға-ақ түскен», – десіп жүр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу