Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.03.2022
103
Көшедегі қарындас
Қарындас, көрдік сені кеше де,
Бұралып бара жаттың көпшілік көшеде.
Керілген қасың да,
Төгілген шашың да,
Бір жігіт қасыңда.
Сен сиқырлана бір елден ерек күлесің,
Айтшы, жаным, сонда нені білесің?
Ол жігітің бе, кім өзі?
Күтіп тұр сені өмірдің не үлесі?
Қайырмасы:
Жанымдағы сен, алтын қарындасым,
Жанымдағы сен жарқын шағыңдасың,
Жанымдағы сен дейміз жаңылмасын,
Аңдай біл
Жолыңды,
Солыңды,
Оңыңды!
Көшеде көрдік сені бүгін де,
Өзгеріс байқалмайды кешегі түріңде.
Басқа жігіт қасыңда,
Аймалап басыңнан,
Мойныңа асылған.
Сен: «жаным» дейсің де,
Жайраңдайсың жанында,
Айтшы, жаным, соңғы тапқан жарың ба?
Тек осылай ма таңдауың?
Керек емес пе өмір жолын аңдауың?
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter