Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.03.2022
124
Төрт қыз
Бір үйде төрт қыз тұрады,
Қашықта емес тұрағы.
Секілді күннің шуағы,
Көңілді бірден бұрады.
Жігіт болсаң, еріп көр,
Төрт сұлуды келіп көр.
Сұр бойдаққа серік бол.
Қыз алдында берік бол.
Жайдары, жарқын өздері,
Күлімдеп тұрар көздері.
Болмайды бірақ олардың
Оңаша жүрер кездері.
Біреуі ғана асылым,
Біреуі ғана ғашығым.
Төртеуі түгел тұрғанда,
Тілдесе алмай жасыдым.
Сырымды қалқам ұқпайды,
Күлкімен ғана құптайды.
Төрт жігіт бармай төрт қызға,
Нәтиже, сірә, шықпайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter