file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  26.03.2022
  377


Автор: Абдрахман Асылбек

Құдалар

Екі дүрдей бастық болды,
Араларында достық болды.
Қайда жүрсе қатар жүрді,
Үйлері де қатар тұрды.
Бірге болды ымдары да,
Жасырын сыр, жымдары да.
Бірге алды демдерін де,
Бірге жеді жемдерін де.
Жемтіктерін бөліп жеді,
Жегенде де өліп жеді.
Демеді олар қақаламыз,
Бір белеге тақаламыз.
Бірін-бірі мақтап бақты,
Бірін-бірі ақтап бақты.
Біреуінің қызы болды,
Толған айдай жүзі болды.
Біреуінің ұлы болды,
Үміт артқан нұры болды.
Өздерінше есіп жатты,
Өз жолдарын шешіп жатты.
Ал, әкелер былай деді:
«Көрші қылған Құдай, – деді.
Доспыз өрі тілегі бір,
Жалын атқан жүрегі бір.
Құда болсақ жарасады,
Жұрт қызыға қарасады.
Сонда бізді жау алмайды,
Ешқаңдай да дау алмайды».
– Сөйтіп, құда бола қадды,
Көңілдері тола қалды.
* * *
Ал, жастар ше?
Нені керді?
Жемқорлықтың жемі болды.
Бірін-бірі жаратпайтын,
Сондықтан да жанаспайтын.
Жүрмеген соң жадырасып,
Кетті тез-ақ ажырасып.
* * *
Құдалар ше?
Құдалар ма?
Ескі дерттен шыға алар ма?
Көп жеймін деп қақалды да,
Ақтық күңдер тақалды да,
Ауыр қылмыс қаматты да,
Кездесті олар абақтыда.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу