Өлеңдер ✍️
Бiр-ақ келер....
Бiр-ақ келер бұл ғұмырдың бар мәнi –
өмiр сүру! (Кiм-кiмнiң де арманы).
Заула!
Заула!
Ақжал атты күндерiм –
тағдырымның тұлпар тектi тарланы.
Көзде – дала, көкiректе – құс әнi,
асау жылдар ұстатпайды – ұшады.
Бағындырып жалған атты сиқыршы,
табындырып өмiр менi тұсады.
Көзiмдi арбап көкшiл дала, қыр гүлi,
құлағымда махаббаттың сырлы үнi.
Биiк таулар маған үнсiз тiл қатты:
«Армысың, – деп,– жұмыр жердiң тұрғыны!..»
Желтоқсанда орай-борай қар ұшып,
перi заман адалдықпен алысып,
асау ғасыр сiлкiледi санамды,
тамырымда намыс, жiгер, қан ысып.
Өттi боран…
Көктем келдi отты үнi.
тергейтұғын ынжық пенен оттыны;
келдi кезең ез бен ердi сынайтын,
анықтайтын тексiз бенен тектiнi.
Басқа тiлек, бөтен арман жоқ менде,
Сөзiм жалғыз жаңа туған көктемге:
Бiр өмiр бер, бiр өлiм бер, Тәңiрiм,
тура сөйлер ертеңiме, өткенге…
Жүректегi қойылғанша жыр-нүктем,
Датым жалғыз – сұрайтыным тiрлiктен:
Ажал төне көрмесiн тек Сөзiме
Елiм күткен…
Далам күткен…
Қыр күткен…
Датым жалғыз – сұрайтыным тiрлiктен.
сәуiр, 1988 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter