Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.03.2022
125
Елікпе
Қалпағын киіп шет елдің,
Қызуын бастың шекеңнің.
Көйлегін киіп шет елдің,
Қолшатырын көтердің.
Шапанын киіп шет елдің,
Кейпіне кірдің бөтеннің.
Етігін киіп шет елдің,
Дедің-ау сері екенмін.
Шұлығын киіп шет елдің,
Тұмсықты көкке көтердің.
Шылымын шегіп шет елдің,
Шиқылдай келіп жөтелдің.
Шарабын ішіп шет елдің,
Ұмыттың атын көкеңнің
Тақтым ба әлде бекер мін?
Осы бір пенде екен кім?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter