Өлеңдер ✍️

  23.03.2022
  107


Автор: Абдрахман Асылбек

Есек

Шаруаның бар еді бір Есегі,
Жоқ еді оның теріс мінез кеселі,
Беталдына мақтанбайтын желігіп.
Тоғай кезіп кетпесін деп құлдырап,
Мойынына тақты иесі сылдырмақ,
Есек содан маңғазданды еліріп,
(Орден жайлы естіп еді ол бірде)
Ойлады енді үлкен мырза болдым деп,
Бірақ, сор боп жабысты берген атақ қадап бір,
(Басқа Есектерге де болу керек сабақ бұл).
Айтайын күн ілгері:
Атағы да тапшы еді,
Қоңырауы болмай тұрып жақсы еді,
Білінбейтін егістікке кіргені –
Ақырындап шығушы еді тойынып,
Кетті ол күндер жойылып:
Есек қайда тіресе де омырау,
Безек қағып қоя берді қоңырау.
Көріп қалып егіндіктің иесі,
Қуды оны соққы беріп тиесі.
Енді бірі шабақтайды шүйліге,
Қазық қадап бүйріне.
Сол мырзаның қашып қуат, реңі,
Күзде әбден жүдеді,
Қалды Есектің терісі мен сүйегі.
* * *
Кей жылпостар, біле-біл –
Дәрежесі болмаса егер пәлендей,
Жүре берер еленбей.
Қызметі артып кетсе шамалы,
Даңғыратып қоңырауын қағады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу