Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.03.2022
128
Саудагер
«Андрей-ау, бері кел!
Қайда жүрсің? Бері кел де мені көр,
Үйрен, балам, атаңнан!
Мен секілді сауда етсең, олжа түсер матаңнан», –
Деп саудагер немересін шақырды, –
Білемісің шұғаларды ақырғы,
Жатып қалған қашаннан?
Сатып біттім, болса да ескі, шіріген,
Ағылшынның шұғасының құнымен!
Қағып түстім жүздікті бір сағатта-ақ ерекше,
Берді Құдай жындыны».
«Бәрі солай, атажан, – деп күлді ұлы, –
Кім ақымақ, білмей тұрмын шындығын;
Қарашы өзің, алғаның жалған ақша емес пе?»
* * *
Алданса бір Саудагер, таңданатын несі бар,
Болса кімнің есі бар,
Айламенен барламақ,
Демеңіздер кімге ұтылып, кімді ұтты?
Барлығы да есебіне тым мықты:
Сырып тастап шындықты,
Бірін-бірі алдамақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter