file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  149


Автор: Абдрахман Асылбек

Балықтар биі

Сотқа арыз түсті де,
Байлар менен күштіге
Арыстанның таусылып бар төзімі,
Шықты аралап патшалығын өзінің.
Қуырмақ боп балықтарын аулаған,
От тұтатып жатты мұжық жағада.
Жаны қалмай жаңағы оттан лаулаған.
Бейшаралар аласұрды табада.
Сол Мұжыққа шүбәлі
«Сен кімсің?» – деп патша Арыстан сұрады.
«Ұлы патшам! – деді ол алып тымағын, –
Су еліне етем мұнда төрелік,
Ал, мыналар су астының тұрғыны,
Барлығымыз бұл күні
Келгеніңді құттықтайық деп едік».
«Бай ма елің, олар қалай тұрады?»
«Ұлы патшам, жұмақ болар сірә бұл.
Тәңірге біз жатыр едік табынып,
Ғұмырыңды ұзақ қыл деп жалынып»,
(Ал, балықтар жатты бұл кез қарылып).
«Мұнысы не? – деді Арыстан, – ұқтыршы,
Бас пен құйрық қатар бұлғаң қаққаны?»
«О, данышпан! – деді Мұжық тік тұрып, –
Сізді көріп, аунап-қунап жатқаны».
Мұжықты ол қақты да бір арқадан,
Қарап тағы «бишілерге» май табан,
Кетіп қалды қайтадан.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу