Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  125


Автор: Абдрахман Асылбек

Есек пен мұжық

Мұжық жазда егінге
Бір Есекті жалдады.
Жолатпау ғой құс біткенді тегінде,
Ұқты Есек істер ісін алдағы:
Ұрлық-қарлық дегеніңді білмеді,
Пайда көріп, жапырақ та ілмеді.
Егістіктің дұшпандарын тойтарды,
Мұжық, бірақ, түйір пайда көрмеді.
Құс біткенді қуып Есек ерледі,
Бойлай шауып жүйектерді жердегі,
Салды ойнақ-сойқанды,
Ойран-топыр етіп барлық еккенін.
Еңбегінің көріп зая кеткенін,
Шаруа Есекті қуа сабап соңынан,
Таспа тілді жонынан.
«Түк емес! – деп шулады ел, – Айуанға сол керек!
Ой, ақымақ, ол не деп,
Ондай іске барды екен?»
* * *
Демеңіздер Есекке жаны аши қалды екен;
Кінәлі ол (сол үшін айырды одан есеп те),
Бірақ, солай десек те,
Айыпты сол – егінін тапсырған жан Есекке.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу