Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  94


Автор: Абдрахман Асылбек

Апеллес пен қодық

Өзін-өзі сүйер болса кім қатты,
Өзгелерге күлкі болар тым қатты:
Ол көбіне мақтанады зорлыға,
Ұялудың орнына.
* * *
Қодықпенен кездесіп қап Апеллес,
Қонаққа оны шақырды.
Қодық бірден шатылды,
Мақтаншылық оған сірә жат емес.
Былай деді аңдарға: «Апеллестен анық тым
Мен қатты жалықтым:
Шақырады қонаққа, көре қалса болғаны,
Менімше, ойы сондағы –
Сурет салмақ мені ұқсатып Пегасқа».
«Олай емес, – деді Апеллес жақын кеп, –
Кесіп алып, ақыл деп,
Құлағыңды сыйламақ ем Мидасқа.
Көп көрсем де есектердің құлағын,
Осы өңір, маңайда
Сенікінен алайда,
Ұзын құлақ көре алмадым, шырағым».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу