Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.03.2022
116
Сараң мен тауық
Қолда барын жоғалтар тойымы жоқ сараңдар;
Уақыт аз іздестіріп алаңдар,
Сенем оған – көп қой олар қатарда,
Әуре болып жатам ба,
Мысалыма қараңдар.
* * *
Сараң жайлы оқып едім жасымда,
Ешқандай бір өнері жоқ басында.
Кәсіп қылатын,
Бірақ, оның кебежесі толатын.
(Қызыққа орай) бір Тауығы болатын,
Жұмыртқалап тұратын:
Туған қалпында
Айналатын алтынға.
Өзге риза болар еді бұл күнге,
Байырмын деп біртіндеп.
Аз көрініп сараңға,
Ой келді де табанда,
Байи салмақ болды шіркін бір күнде.
Сол сараңның мейманасы толды да,
Тауық байқұс сойылды да жарылды.
Ал, не болды? Мол байлықтың орнына
Алып шықты қоқсық ішек-қарынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter