19.03.2022
  1964


Әлемнің жарығын Сыйладың сен маған… ❤️


 Ана, сен туралы ойым да, сөзім де, алғысым да шексіз. Сыйғыса алар емеспін. Мені жарық дүниеге әкелгенің үшін, маған жасаған қамқоршылығың үшін, әрбір демеу беретін сөзің үшін, жылу сыйлайтын алақаның үшін, “жеткіземін” деп күндіз-түні талмай жасаған еңбегің үшін, сан жетпейтін ізгі істерің үшін ШЕКСІЗ РАХМЕТ!
Менің анам өмір бойы адал еңбек етіп, абырой жинаған - ұлы педагог. Ұлы деген сөзді еш жаңылмай айта алам. Өйткені, міне, 35 жыл бойы анам мыңдаған студенттің білімін ұштап, үлкен жолға бағыт беріп, жігерлендірді. Мақтан тұтам! Жоғары Білімінің арқасында шет елдерді аралап, көптеген ғылыми жобалардың жетекшілігінде болса да, ешқашан көкірек керіп, мақтанған емес. Мен сенің әрбір қасиетіңе тәнтімін, Ана 
Анам ұстаз болған соң, айналам оның маған деген қарым-қатынасы да қатаң деп ойлайтын еді. Әрине, анам тәртіпті талап етеді, үйретеді, алайда, ешқашан шамадан тыс қатты болған емес. Мен мамаммен әрқашан құрбымдай сырласып, әпкемдей ақылдаса аламын. Сондықтан да, менде қандай жағдай болмасын, мен ең әуелі Анаммен бөлісемін. Қандай ауыр жағдай болмаса да, Анама айтқан соң еш ауырлығы қалмайды.
Барлығын ойлап отырып, еріксіз көзіме жас келеді. Шүкіршіліктің жасы.
Иә, Раббым мені дәл өзімнің Анамда туылғаныма МЫҢ ДА БІР ШҮКІР!❤️ Әкем екеуіне ұзақ, әрі бақытты ғұмыр бере көр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу