Өлеңдер ✍️
АҚҚУ ҚҰСТАЙ КӨЛДЕГІ
Елдің қамы дегенде, Үйдің жайын ұмытқан;
Мәдениет пен өнерге, – Жаны құмар – Үмітхан!..
Талмай еңбек етем деп, Талай сында шыныққан;
Шыңға шыққан жеке өрлеп, Шын еңбекқор – Үмітхан!
Кенде болып көрмеген, Кербез, әсем қылықтан;
Көңілін саз тербеген, Көркі ортаның – Үмітхан!
Қасиет пен қадірді, Алған ата ғұрыптан;
Қолдап талай дарынды, Қамқор болған – Үмітхан!
Талап пенен мақсатты, Шығармайтын ырықтан;
Алған елден жақсы атты, Іскер ару – Үмітхан!
Асауларды тұсаған, Құты дарып құрықтан;
Көңілі – жыр, құшағы – ән, Көптің сәні – Үмітхан!
Аққу құстай көлдегі, Жүзіп ішкен тұнықтан;
Өнерде көп өрнегі, Өрені елдің – Үмітхан!
Алған әділ бағасын, Халықтан да ұлықтан;
Өркендетіп саласын, Өрге жүзген – Үмітхан!
Тындырып сан арлы ісін, Өз парызын шын ұққан;
Алған елдің алғысын, – Ерке қызы – Үмітхан!
Ынта-рухы ғажап тым, Сан өнерден сыр ұққан;
Қамын жеген қазақтың, Қайсар қызы – Үмітхан!
Жабырқаған жандарды, Жан нұрымен жылытқан;
Атыра бер таңдарды, Қуанышпен, Үмітхан!
Алдан шығып алтын күн, Ата берсін күліп таң!
Рухын шыңдап халқыңның, Жарқырай бер, Үмітхан!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter