Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  147


Автор: Тортай Сәдуақас

ЕЛСЕРІК

Махмұт Қасымбековке
Ол – Еліне де, Елбасына да адал серік болған
жан. Қазақ тілінде «елсерік» деген сөздің баржоғын анық білмедім. Болса, соған бірден-бір лайық
тұлға Махмұт деп білемін, болмаса, дәл осы сөз аға
достың тойына мен салған олжаның бірі болсын.
Мұхтар Құл-Мұхаммед



Табалдырықтан биік тау жоқ (Халық даналығы).
Елбасыға көк туын, Тапсырғанда ел сеніп!
Соңына ерсе көп буын, Соның бірі – Елсерік!..
Ер жолында тілегі, Басын тіккен, белсеніп;
Елін сүйген жүрегі, Елдің ұлы Елсерік!
Қалың жұрты тұрғанда, Қара ормандай теңселіп;
Арзанға ойын бұрған ба, Тегінде бар Елсерік!..
 Күнде терең бойлаған: Қауырт істер Кеңселік;
Ер намысын ойлаған, Ертелі-кеш Елсерік!..
Серік болған сол Ерге, Ұлы істерді еңсеріп;
Білім менен өнерге, Қамқор болған Елсерік!..
Сыртынан сөз ермеген, Қызыл тілге берсе ерік:
Өрге құлаш сермеген, Өрені елдің Елсерік!
Тапжылмайды тұғырдан, Тапсырған соң Ер сеніп!
Ел парызын ұғынған, Ертеңге алаң Елсерік!
Тәуелсіздік тұғыры, Іскерлікпен өлшеніп;
Елге арналып ғұмыры, Өрлейді алға Елсерік!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу