file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  18.03.2022
  222


Автор: Нұрлан Оразалин

«Чакабуко» түрмесінен жеткен сөз

Альбертоның алғашқы монологы
Құмар түндер...
Қызығы тарқамаған
Мұнар түндер...
Мұңымды арқалаған.
Менен қайда
алыстап барасыңдар
Айдай қалқып
аспанда шалқалаған?!.
Шалқалаған...
Шарпылған...
Отқа оранған...
Қия жартас
көк мұхит ноқталанған:
Батырлардың елі еді – менің елім,
Ақындардың елі еді – менің елім,
Чили!
Чили!
Өзің үшін
боздақтар оққа барған!..
Жыр ақтарған,
самал соқса
белдерден, қыраттардан,
шаңқайлы аспан
кеудесі сыр ақтарған,
Еркіндіктің әуені есетін-ді,
 
көшетін-ді
тауларымнан,
бауларымнан,
көктемгі құрақтардан,
алқынған бұлақтардан.
Чили!
Чили!
Қайда сол күн
жырақ қалған?!.
Сенің кәусар бір жұтым
ауаң үшін
бостандықты аңсаған Далам үшін,
Жаратқаннан
бұйырған пешенеге
Өлеңіндей Паблоның*
ғалам үшін,
жұдырықтай жүрегім тор ішінен
аласұрып,
алысып жатыр бүгін
қызыл өрттің жалынын
жалап ішім!..
Тағдыр атты жөңкіліп
жыр көшінде,
Чили!
Чили!
Чакабуко** түрмесінде,
Құмар түнді
қызығы тарқамаған,
*Пабло Неруда туралы айтылып отыр.
**Луис Корваланның ұлы – Альберто азапталған Пиночет түрмесі.
 
мұнар түнді
мұңымен арқалаған,
сағымыңды
сағынып сан арысың,
қарады көк,
мұңайып қарады шың.
Жұлым-жұлым
кеудесін желге төсеп,
арманменен
боздақтар жамады ішін.
Чили!
Чили!
Сен аман бол, Арысым!
ақпан, 1977 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу