file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  162


Автор: Абдрахман Асылбек

Бүркіт пен ара

Бақытты ғой еңбек еткен ерінбей:
Соның өзі дем берер,
Ондайларды бағалайды өңгелер,
Бірақ, өзі жүре берер көрінбей.
Еткен еңбек, төккен терін бұлдамас,
Атақ қуу жатпайды да салтына.
Мақсаты оның бір ғана –
Үлес қосу жалпыға.
* * *
Бірде көріп гүл айналған Араны,
Деді Бүркіт жаратпаған пішінде:
«Неткен сорлы ең, қарағым,
Қандай мән бар істеп жүрген ісіңде?
Салсаң да ұя мыңың болып жабылып,
Сенің ісің танылып,
Біліп жатыр кейін кім?
Керегі не тап осындай пейілдің?
Ғасыр бойы тер төгіп, қандай қызық көресің?
Белгісіз боп бәрібір көппен бірге өлесің.
Арамыз алшақ қандай бір!
Қанатымды қаққанда мен талмаймын,
Бұлттан да асып самғаймын.
Қорқыныш боп жан-жағы,
Қанаттылар маған жақын ұша алмас.
Кірпік қақпай малшы біткен малдағы,
Жүйрік деген Бөкен сынды аң-дағы,
Көзіме еркін түсе алмас».
Ара айтты: «Арта берсін атағың,
Жомарттығын аямасын Зевс те!
Ал, мен көппен жұмыс істеп жатамын,
Іздемеймін белес те,
Сол да бақыт емес пе,
Тамшы балмен толтырсам бал қатарын?»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу