Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.03.2022
137
Несіне мен өкінем?
Ей, көріктім, көріктім,
Саған қалай еліттім?
Саған қалай сеніппін?
Қалай тізгін беріппін?
Жылтыраған көзіңе.
Сылдыраған сөзіңе
Сенгенімді беріле
Білмей қалдым өзім де.
Мына ғажап кеңісте
Санап едім періште.
Асығыстық жасаппын,
Шықты бәрі теріске.
Тұяқ болмас шағылмас,
Жақ та болмас жаңылмас.
Толық тани алмаппын,
Кешіре гөр, қарындас.
Сүйемін деп бекіп ем,
Несіне мен өкінем?
Алшақ екен арамыз,
Кешіре гөр, өтінем.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter