Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.03.2022
204
Жаз кешi... Таудың етегi...
Жаз кешi... Таудың етегi...
Беткейдiң бәрi шалғын мол.
Қыр жақтан дауыс жетедi,
созылып өрге тарғыл жол.
Сыбызғы кештер... Бала күн...
Келедi қайдан құлаққа.
Желiндей Қарадаланың
сыңсиды бiр саз жырақта.
Күбiрлеп ойдың құрағы,
сұңқ етiп байғыз жылайды.
Қытықтап үнi жыраны,
еңiске бұлақ құлайды.
Көктегi Айдың көзi – мұң,
қиығын маған бұрғандай.
Алай да дүлей сезiмiм,
жұлмалап менi тұрғандай.
Жаз кешi... Таудың етегi...
Беткейдiң бәрi шалғын мол.
Диiрменнiң үнi жетедi,
бұлғайды қолын тарғыл жол.
қыркүйек, 1966 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter