Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  153


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЖАРТАС

...Кетейін деген болып бас қатырмай,
Көк тамшы сорғалайды тасқа тұрмай.
Әйтеуір, осы жартас тым ызғарлы,
Жауына шын өшіккен хас батырдай.
Басынан соның көздеп құс атамын,
Оғымды көмбесіне ұзатамын.
Кейде оны кең даланы бағып тұрған,
Бейне бір күзетшіге ұқсатамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу