file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  131


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАРАТАУДЫҢ БҰЛАҒЫНА АЙТҚАН СӨЗІ


Кеудемде менің болмаған әсте тұл ағын,
Самала нұрмен астасқан мынау тұрағым.
Асығып қайда барасың, жаным, босағаңды
талақ қып,
Бұлқынып аққан бұлағым.
Көнбесең, жаным, өзіңмен бірге қоса ағам,
Қырандай самғап тұтқыннан, тордан босаған.
Сен кетсең, жаным, қаңырап босқа қалмай ма,
Аяулы анаң ақ батамен аттап кірген босағаң.
Асығып қайда бұрасың мынау ат басын,
Ат басын бұрсаң бетіңнен ешкім қақпасын.
Сен кетпе, жаным, желікпе желдей жүгіріп,
Арқалы әкең күңіреніп үйде жатпасын.
Дауылды күні шаңырағым бар ма шайқалған,
Пайғамбар бар ма қолымнан күшті қайта
алған.
Сен кетсең, жаным, желге ұшып қурап
кетпей ме,
Жемісім менің бөктерімде мынау жайқалған.
Құстар да сонау мекенін тастап кетпейді,
Жеріне жетпей бұлттар да жасын төкпейді.
Кетпесең, жаным, бұлқынып аққан бұлағым,
Өлгенім қайта тіріліп,
Солғаным қайтып көктейді.
Кетпегін, жаным, бұлқынып аққан бұлағым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу