Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.03.2022
154

* * *
Адамдарды жақсы, жаман деп екіге бөлеміз,
Өзімізді мақтағанды жанымыздай көреміз.
Бұл кеудеме жиналыпты дүниедегі
асқақтық,
Кім біледі мен болам ба аңсап күткен
төреңіз.
Өлсем егер сүйегім де құзар құздан
құлайды,
Сыңарым боп мен қайғырсам күн де көзін
бұлайды.
Туысы өлген кей адамдар жоқтау айта
білмесе,
Маған біткен арғымақтар озбай қалса
жылайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter