Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.03.2022
156

* * *
Көңіліме ұяласа қасіретті тастай мұң,
Барқыт бұлттай қақ айырып табаныма
тастаймын.
Кей ақындар арақ ішіп жатса “шабыт
шақырып”,
Арғымаққа қарғып мініп жаңа әнімді
бастаймын.
Мен өзімше шығысымнан әр кез таң боп
атамын,
Батысқа да қызыл күрең нартай жанып
батамын.
Бағзы ақындар ішіп алып төсегінде қалғыса,
Ат үстінде жазғанымды оқып келе жатамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter