Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  142


Автор: Рафаэль Ниязбек

* * *

Жігіттердің он жетіге толғаны,
Туған елдің ол жүрегі, ол жаны.
Белдескенде амал тауып әйтеуір,
Алысқанын алып ұрса болғаны.
 Жігіттердің он жетіге толғаны,
Туған елдің ол жүрегі, ол жаны.
Салған кезде қыран құсы арланды,
Көз алдында бүріп жатса болғаны.
Жігіттердің он жетіге толғаны,
Туған елдің ол жүрегі, ол жаны.
Сілтегенде қолыңдағы ақ семсер,
Қара нарды қақ айырса болғаны.
Жігіттердің он жетіге толғаны,
Туған елдің ол жүрегі, ол жаны.
Мінген аты жабы болсын бәрібір,
Жау қашқанда қуып жетсе болғаны...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу