Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.03.2022
143

* * *
Бабама біткен мәңгі ұшты алмастар,
Ол тисе жерді қауып құшқан бастар.
Жаулардың жүрегіне қадалады,
Тұлпардың тұяғынан ұшқан тастар.
Қазақтың тазалығы қаны шықтан,
Туыс ел ұлылығын танып ұққан.
Тірлікті талқан қылмақ Темір ханның,
Тұлпардың тұяғынан жаны шыққан.
Қазақтар наркескенін дес көреді,
Жау басын сілтегенде кескен еді.
Жыланның жер бауырлап жылжитыны,
Тұлпардың тұяғынан сескенеді.
Қазақтар дәріптейді ер ісіңді,
Бойыма содан тамшы тері сіңді.
Сондықтан мен іздеймін әрқашанда,
Тұлпардың тұяғынан жеңісімді.
Ол тисе жерді қауып құшқан бастар.
Жаулардың жүрегіне қадалады,
Тұлпардың тұяғынан ұшқан тастар.
Қазақтың тазалығы қаны шықтан,
Туыс ел ұлылығын танып ұққан.
Тірлікті талқан қылмақ Темір ханның,
Тұлпардың тұяғынан жаны шыққан.
Қазақтар наркескенін дес көреді,
Жау басын сілтегенде кескен еді.
Жыланның жер бауырлап жылжитыны,
Тұлпардың тұяғынан сескенеді.
Қазақтар дәріптейді ер ісіңді,
Бойыма содан тамшы тері сіңді.
Сондықтан мен іздеймін әрқашанда,
Тұлпардың тұяғынан жеңісімді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter