file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  166


Автор: Рафаэль Ниязбек

* * *

Таусылмас көңілімнің тасқынды әні,
Жыр етіп,
күйге қосқан жас тұлғаны.
Біреудің маған семсер көтергені,
Тұлпардың өміріне қас қылғаны.
Сүрінсем,
Дұшпан күлсе – тойлағаны,
Туғандай сағыныштан ойдағы әні.
Тұлпардың басын шаппақ болса ол кеп,
Қастандық маған да оның ойлағаны.
Арманың болса шыңды бір құлату,
Қолыңнан келер түбін бұрғылату.
Дұшпанның әдеті бұл қанға сіңген –
Егіздің бірін шалып, бірін ату.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу