Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  187


Автор: Рафаэль Ниязбек

* * *

Досым, сен де арманыңды алға айда,
Дұшпандарым шалар жерін біледі.
Сеңсең киіп шығып едім шалғайға,
Күннің ыстық болуын олар тіледі.
Досым, сен де арманыңды алға айда,
Дұшпандарым шалар жерін біледі.
Киім желең.
Жүріп едім шалғайда,
Күннің суық болуын олар тіледі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу