Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  117


Автор: Рафаэль Ниязбек

* * *

Керегі жоқ деймісің басқа үміттің,
Қайран күш жаншып қалып тасты үгіттің.
Сол қайрат ақ толқынды жетелейді,
Күшіне мен болайын жас жігіттің.
Өткен күн оралмайды айтқанменен,
Мен шығам су түбіне батқанменен.
Ақылы дариядан жатады асып,
Қайраты қарт адамның қайтқанменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу